457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Олимпиада ойындарында жапониялық сноубордшы хафпайп дисциплинасында үздік шықты

Финалда спортшы үш мүмкіндіктің ішіндегі ең үздік әрекетінде 95,00 ұпай жинап, қарсыластарынан басым түсті.

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында жапониялық сноубордшы Юто Тоцука хафпайп дисциплинасында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz

Финалда спортшы үш мүмкіндіктің ішіндегі ең үздік әрекетінде 95,00 ұпай жинап, қарсыластарынан басым түсті.

Күміс жүлде австралиялық Скотти Джеймске бұйырды (93,50 ұпай). Ал қола медальді тағы бір жапониялық спортшы Рюсэй Ямада иеленді (92,00 ұпай).

Хафпайп — спортшылар арнайы жартылай құбыр (рампаның екі қабырғасы биік) ішінде сырғанап, әуеге көтерілген сәтте күрделі трюктер орындайтын дисциплина. Бағалау кезінде секіру биіктігі, трюктің күрделілігі мен тазалығы есепке алынады.

Бұл Юто Тоцуканың Олимпиададағы алғашқы медалі. Бұған дейін ол әлем чемпионаттарында табысты өнер көрсеткен. Мәселен, 2019 жылы күміс, 2021 жылы әлем чемпионы атанса, 2025 жылы қола жүлдеге ие болған. 

Осылайша, 2026 жылғы Олимпиада алтын медалі Тоцуканың мансабындағы ең ірі жетістікке айналды.

Фото: Getty Images