457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Олимпиада ойындарында шаңғы қоссайысынан жарыстар басталды

Бұл спорт түрінде Қазақстан атынан Шыңғыс Ракпаров өнер көрсетіп жатыр. Ол мансабында екінші рет Олимпиада ойындарына іріктеуден сәтті өтті.

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғы қоссайысынан жарыстар басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл спорт түрінде Қазақстан атынан Шыңғыс Ракпаров өнер көрсетіп жатыр. Ол мансабында екінші рет Олимпиада ойындарына іріктеуден сәтті өтті.
Жарыс аясында алдымен шаңғымен тұғырдан секіру сайысы (қалыпты тұғыр) ұйымдастырылды.
Ракпаров бұл кезеңде 87,9 ұпай жинады. Гундерсен жүйесіне сәйкес, шаңғы жарысында ол секіруден ең жоғары нәтиже көрсеткен спортшыдан 2 минут 59 секунд айырмашылықпен жарыс жолына шығады.
Қазіргі таңда аралық нәтижеде эстониялық Кристиан Ильвес көш бастап тұр.
Айта кетейік, шаңғы қоссайысының екінші кезеңі бүгін, 11 ақпанда өтеді. Жарыс Астана уақытымен 17:45-те басталады.

Фото: ҰОК