Олимпиада: Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада бесінші орынға тұрақтады
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында өнер көрсетуді бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Отандасымыз ерлер арасында жекелей сырғанауда қысқа бағдарламамен өнер көрсетті.
Мәнерлеп сырғанаушы төрешілердің шешімімен 92.94 ұпай жинап, нәтижесінде 5-орынға тұрақтады.
АҚШ өкілі Илья Малинин 108.16 ұпаймен көш бастады. Екінші орынды жапониялық Юга Кагияма (103.07 ұпай) иеленсе, үшінші аралық орынға 102.55 ұпаймен франциялық Адам Сяо Хим Фа тұрақтады.
Айта кетейік, еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді.
Фото: Сали Сабиров/ҰОК
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған