457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Олимпиада күнінде туған»: ҰОК Қазақстанда жаңа туған сәбилерді құттықтау акциясын өткізуде

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті «Олимпиада күнінде туған» әлеуметтік акциясын биыл алтыншы рет ұйымдастырып отыр. Халықаралық Олимпиада күніне орай өткізілетін жоба ЮНИСЕФ-пен бірлесіп жүзеге асуда, деп хабарлайды malimsports.kz.

Дәстүр бойынша 23 маусым күні дүниеге келген әрбір сәби арнайы сыйлықтарға ие болады. Оларға құттықтау хаттары мен «Olympian is born» жазуы бар естелік киім жиынтықтары табысталады.

Биыл Астанада сыйлықтарды дайындауға спортшылар да атсалысты. Атап айтқанда, шорт-тректен халықаралық жарыстар жүлдегері Абзал Әжіғалиев пен боксшы Дариға Шәкімова арнайы жиынтықтарды әзірлеуге көмектесті.

Акция ел бойынша 234 медициналық мекемеде өтіп жатыр. Оған Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы, сондай-ақ барлық облыс орталықтарындағы перзентханалар қатысуда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастаманың мақсаты – жас отбасыларға қуаныш сыйлау және жаңа өмірдің алғашқы күнін ерекше есте қалдыру. Қазақстан ҰОК өкілдері бұл күнде дүниеге келген әрбір баланың жарқын болашағына тілектестік білдірді.

 

Фото: ҰОК