457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Олимпиада: Конькимен жүгіруші Елизавета Голубеваның финалда өнер көрсетті 

Отандасымыз әйелдер арасындағы масс-стартта финалдық кезеңге дейін жетті.

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Елизавета Голубева Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында 16-орын алды, деп хабарлайды malimsports.kz

Отандасымыз әйелдер арасындағы масс-стартта финалдық кезеңге дейін жетті.

Шешуші жарыста Голубева 16-орында мәреге жетіп, Олимпиададағы жарыс жолын аяқтады.

Бұл сында алтын медальді нидерландтық Марейке Груневауд жеңіп алды. Күміс жүлде канадалық Иванье Блонденге бұйырды. Ал АҚШ спортшысы Миа Манганьелло қола медаль иеленді.

Айта кетейік, бұл - Италиядағы Олимпиадада конькимен жүгіруден өткен соңғы жарыс түрі болды.

Бұған дейін Елизавета Голубева 1500 метр қашықтықта жетінші орын алған еді.

Фото: Сали Сабиров/ҰОК баспасөз қызметі