Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың бір жылдық дайындығына 263,4 млн теңге бөлінген
Туризм және спорт министрлігі Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан чемпион атанған Михаил Шайдоров пен оның командасының бір жылдық дайындығына бөлінген қаржы көлемін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Министрліктің мәліметінше, спортшының оқу-жаттығу процесін қамтамасыз етуге, халықаралық жарыстарға қатысуына, шетелдік оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, бапкерлік құрамның еңбекақысына, медициналық және ғылыми сүйемелдеуге, сондай-ақ спорттық құрал-жабдық пен арнайы киім-кешекке жалпы 263,4 млн теңге бағытталған.
Қаржының негізгі бағыттары:
19 оқу-жаттығу жиынына (8-і Қазақстанда, 11-і шетелде) – 47 млн теңге
5 халықаралық жарысқа қатысуға – 16 млн теңге
Спортшының жылдық еңбекақысы – 33 989 000 теңге
Жеке бапкері Алексей Урманов 2025 жылы 26 млн теңгеден астам жалақы алған. Хореограф И.В. Регинаға 23 млн теңге төленген.
Сонымен қатар жарыс бағдарламаларын әзірлеу, екі костюм тіктіру және музыкалық шығармаларға авторлық құқықтарды сатып алу шығындары қаржыландырылған. Бұған дейін спортшы әлем чемпионаты мен Азия ойындарындағы нәтижелері үшін 6,7 млн теңге көлемінде біржолғы сыйақы алса, жаттықтырушылар штабына қосымша 1,5 млн теңге берілген.
Жалпы, көшбасшы спортшыларды даярлау жүйесі оқу-жаттығу, ғылыми-медициналық сүйемелдеу және материалдық қолдауды қамтитын кешенді мемлекеттік модельге негізделген.
Фото: Сали Сабиров
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған