Мәзір
Олимпиада

Олимпиада-2026: Норвегия медаль кестесінде көш бастады

Сабина Асқарқызы 75 қаралым
Олимпиада-2026: Норвегия медаль кестесінде көш бастады

Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының екінші жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл күні 10 медаль жиынтығы сарапқа салынып, 15 елдің спортшылары жүлдеге қол жеткізді.

Норвегия құрамасы бір күнде 3 алтын және 1 қола медаль жеңіп алып, жалпы қоржынын 6 (3 алтын, 1 күміс, 2 қола) жүлдеге жеткізді. Осы көрсеткішпен скандинавиялық ел медаль кестесінің көшін бастады.

АҚШ спортшылары тау шаңғысы мен командалық мәнерлеп сырғанауда жеңіске жетіп, 2 алтынмен екінші орынға орналасты. Италия құрамасы 1 күміс және 5 қола медаль еншілеп, жалпы есепте үшінші сатыдан көрінді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Жапония, Аустрия, Германия, Чехия, Франция, Швеция және Швейцария құрамаларында бір-бір алтын жүлдеден бар. Ал Оңтүстік Корея мен Словения бір күміс медаль алса, Болгария, Канада және Қытай құрамалары бір қола жүлдемен есепте тұр.

 

 

Фото: amp.sport24.ru

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар