Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Милан-Кортина қысқы Олимпиадасы алдындағы алғашқы жаттығуын жасады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жаттығу Милан мұз аренасында өтті, спортшылар мұзды сезініп, жарысқа бейімделді.
Ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанау бәсекесіне 24 елден 29 спортшы қатысады. Михаил Шайдоров 10 ақпанда қысқа бағдарламада өнер көрсетеді.
Милан мұз айдыны шорт-трек пен мәнерлеп сырғанау жарыстарына арналған, 12 мың көрермен сыйымдылығы бар Еуропаның жетекші спорт нысандарының бірі.
Фото: Сали Сабиров