Олимпиада-2024 күміс жүлдегері Нариман Құрбанов әке атанды
Қазақстандық спорттық гимнаст, Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов пен оның жұбайы, гимнаст Аида Бауыржанова тұңғыш рет ата-ана атанды.
Қуанышты жаңалықты спортшы өзінің Instagram парақшасында бөлісіп, жаңа туған сәбиімен түскен суретін жариялады.
«Балапаным», – деп жазды Нариман Құрбанов.
Жарияланған суретке оның жұбайы Аида Бауыржанова да пікір қалдырып, «Менің жандарым» деп жазған.
Әзірге ерлі-зайыптылар тұңғыштарының есімін жариялаған жоқ. Алайда желі қолданушыларының құттықтауларына қарағанда, олардың қыз баласы дүниеге келген.
Желіде спортшылар отбасына арналған жылы лебіздер мен құттықтаулар қарша жауды.
Еске салсақ, Нариман Құрбанов пен Аида Бауыржанова биылғы жылдың ақпан айының соңында ата-ана атанатындарын хабарлаған болатын. Олар әлеуметтік желіде отбасылық фотосессиядан суреттер жариялап, қуанышты жаңалықпен бөліскен еді.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығулар бойынша финалда күміс жүлдеге ие болып, Қазақстан тарихындағы Олимпиада медалін жеңіп алған алғашқы спорттық гимнаст атанды.
Ал 2024 жылдың қыркүйегінде Нариман Құрбанов пен Аида Бауыржанова шаңырақ көтеріп, некелерін қидырған болатын. Бүгінде жас отбасы тұңғыш перзентінің дүниеге келу қуанышын бөлісіп отыр.
Фото: instagram.com/n_kkz
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған