Норвегиялық шаңғышы суық тиюіне байланысты Олимпиададан бас тартты
Норвегиялық шаңғышы Маттис Стенсхаген суық тию белгілеріне байланысты Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтіп жатқан Олимпиада ойындарындағы қалған жарыстарға қатыспайды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы Dagbladet басылымы мәлімдеді. Норвегия құрамасының дәрігері Уве Ферагеннің айтуынша, спортшыда тұмау белгілері пайда болған.
«Өкінішке қарай, Стенсхагенде суық тию симптомдары байқалды, сондықтан ол еліне оралады», - деді команда дәрігері.
Стенсхаген Италиядағы Олимпиадада скиатлон жарысына қатысып, 21-орын алды. Бұл – норвегиялық спортшылар арасындағы ең төменгі нәтиже болды. Ол әлі эстафета мен 50 шақырымдық марафонға қатыса алатын еді, алайда денсаулығына байланысты жарысты жалғастырмайтын болды.
Ал норвегиялық тағы бір шаңғышы Эрик Вальнес те суық тию белгілерімен күрескен. Дегенмен дәрігерлер оған жарыстарға қатысуға рұқсат берген.
Фото: Getty Images
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған