457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Норвегия өкілі Йоханнес Клебо он дүркін Олимпиада чемпионы атанды

Спортшы бұл жарыста отандасы Эйнар Хедегартпен бірге өнер көрсеткен болатын. 

Норвегия шаңғышысы Йоханнес Клебо Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында командалық спринтте жеңіске жетіп, мансабындағы оныншы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz

Спортшы бұл жарыста отандасы Эйнар Хедегартпен бірге өнер көрсеткен болатын. 

Норвегиялық дуэт 18 минут 28,9 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып жетіп, үздік нәтижені тіркеді. Ал екінші орынды АҚШ спортшылары Бен Огден мен Гас Шумахер (+1,4 секунд) иеленсе, үшінші нәтиже италиялық Элия Барп пен Федерико Пеллегриноға (+3,3) тиесілі болды.

Клебо 15 ақпанда эстафетада тоғызыншы алтынын алып, қысқы Олимпиада рекордын жаңартқан еді. Ал командалық спринттегі жеңіс оның оныншы алтын медальі болып отыр. 

Италиядағы Олимпиадада Клебо бұған дейін спринтте, скиатлонда және 10 шақырымдық еркін стильдегі жарыста да топ жарған.

Фото:  Getty Images