Мәзір
Олимпиада

Нидерланд спортшысы Олимпиадада 1000 метрде рекорд жаңартты

Сабина Асқарқызы 103 қаралым
Нидерланд спортшысы Олимпиадада 1000 метрде рекорд жаңартты

Нидерланд конькимен жүгірушісі Ютта Лердам Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 1000 метр қашықтықта жеңімпаз атанды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Лердам бұл қашықтықты 1 минут 12,31 секундта жүріп өтіп, олимпиадалық рекорд орнатты. Ол бұған дейін 2022 жылғы Олимпиадада осы дистанцияда күміс жүлде алған еді.

Күміс медальді оның отандасы Фемке Кок иеленді - 1:12,59. Ал қола жүлде Бейжің Олимпиадасының осы қашықтықтағы чемпионы, жапониялық Михо Такагиге бұйырды - 1:13,95.

Лердам Олимпиадаға Италияға арнайы безендірілген жекеменшік ұшақпен барған. Ұшақта қызғылт сары түсті олимпиялық белгілер мен оның есімі жазылған. Суреттерге пікір қалдырған оның күйеу жігіті — танымал блогер әрі боксшы Джейк Пол: «Жарқырайтын уақыт келді» деп жазған. Екеуі 2025 жылдың наурыз айында некеге тұруға келісім жасағанын жариялаған.

Ютта Лердам — әлем чемпионаттарының жеті дүркін чемпионы, сондай-ақ Еуропа чемпионаттарында алты алтын медаль жеңіп алған тәжірибелі спортшы. Бұған дейін биыл ол Германиядағы Әлем кубогы кезеңіне де жекеменшік ұшақпен барғаны хабарланған.

Фото: Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар