Михаил Шайдоров Төрт құрлық чемпионатында үздік бестікте
Қытай астанасы Бейжің қаласында мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты аясында ерлер арасындағы қысқа бағдарлама жарысы өтті.
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, жарыстың басты фавориттерінің бірі, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының жолдама иегері Михаил Шайдоров алғашқы сайыс нәтижесінде 90.55 ұпай жинады. Осы көрсеткішпен ол аралық есепте төртінші орынға тұрақтады.
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша үздік төрттік төмендегідей нәтиже көрсетті:
Као Миура (Жапония, 2023 жылғы Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы) – 98.59 ұпай
Казуки Томоно (Жапония) – 97.19 ұпай
Сота Ямамото (Жапония) – 94.68 ұпай
Михаил Шайдоров (Қазақстан) – 90.55 ұпай
Айта кетейік, Михаил Шайдоров 2025 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Төрт құрлық чемпионатында жеңіске жеткен болатын.
Биылғы чемпионатқа Азия, Африка, Америка және Океания құрлықтарындағы 17 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысуда.
Ертең ерлер арасында шешуші еркін бағдарлама өтіп, жүлдегерлер анықталады.
Фото: ҰОК
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған