Михаил Шайдоров: Олимпиада алтынымен шектелмеймін, алдымда ұзақ жол бар
Бүгін мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Өз кезегінде Олимпиада чемпионы көрсетілген қолдау үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барша қазақстандықтарға алғыс білдірді.
Спортшының айтуынша, алтын медаль – тек өзінің ғана емес, ата-анасы мен бапкерлерінің, сондай-ақ жанкүйер болып, қолдау көрсеткен бүкіл халықтың ортақ жеңісі.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Бұл кездесуге Олимпиада чемпионы ретінде қатысу — мен үшін зор мәртебе. Алтын медаль – менің ғана емес, ата-анамның, бапкерлерімнің және мен үшін алаңдап, қолдау көрсеткен барша қазақстандықтың жеңісі. Бұл аянбай еңбек етсең, жақын жандардың махаббаты мен сенімі болса, армандардың орындалатынын дәлелдейді. Президент мырза, Сіздің қолдауыңыздың арқасында спортшылар үлкен жетістіктерге, жаңа тарихи рекордтарға қол жеткізіп жүр. Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін. Алдымда ұзақ жол бар. Елімнің сенімін ақтап, жас ұрпаққа үлгі болып, халқымыздың мерейін үстем еткім келеді. Рахмет Сізге! Сүйікті Отаныма, Қазақстаныма қызмет етемін»,- деді Михаил Шайдоров.
Фото: Ақорда
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған