457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Милан қысқы Олимпиадасының алауы жағылды

2026 жылғы ХХV Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының алауы ресми түрде жағылды, деп хабарлайды malimsports.kz.

olympics.com дерегіне сүйенсек, ауа райының қолайсыздығына байланысты салтанатты шара Грециядағы Олимпия археологиялық мұражайында өтті. Шара барысында 24 қараша күні ежелгі Олимпиядағы Гера ғибадатханасында Бас діни қызметкердің алауды тұтандырған сәті бейнежазба арқылы көрсетілді.

Алауы тұтанғаннан кейін эстафета алдымен Греция аумағында өткізіліп, 4 желтоқсанда Афина қаласында Милан қысқы Олимпиадасын ұйымдастыру комитетіне ресми түрде табысталады.

Ұйымдастыру комитетінің жоспарына сәйкес, алау эстафетасы 2025 жылдың 6 желтоқсанында басталып, 2026 жылдың 6 ақпанына дейін жалғасады. Бұл кезеңде алау 12 000 шақырым жол жүріп, Италияның барлық 20 аймағын, 110 провинциясын, 300-ден астам елді мекендері мен 60-қа жуық қаласын аралайды. Әр өңірде мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

Айта кету керек, Олимпиада алауын жағу рәсімі ежелгі Олимпия рухының қазіргі Олимпиада дәстүріне жалғасуын білдіретін символдық шара болып саналады. 1936 жылдан бері бұл рәсім Олимпиада ойындарының ажырамас бөлігіне айналған.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары 6–22 ақпан аралығында Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.

 

 

Фото: olympics.com