457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Милан мен Кортина-д'Ампеццодағы ХХV қысқы Олимпиада ойындары жабылды

Салтанатты рәсім көне римдік «Арена ди Верона» стадионында өтті.

Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өткен ХХV қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде жабылды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Халықаралық Олимпиада комитеті басшысы Кирсти Ковентри төртжылдықтың басты қысқы додасын жабық деп жариялады.

Салтанатты рәсім көне римдік «Арена ди Верона» стадионында өтті. Біздің дәуіріміздің I ғасырында салынған тарихи нысан бүгінде шамамен 15 мың көрерменге арналған.

Олимпиаданың жабылу салтанаты бірнеше кезеңнен тұрды. Алдымен қатысушы елдердің тулары енгізіліп, спортшылар шеруі ұйымдастырылды. Бұдан кейін әйелдер мен ерлер арасындағы шаңғы марафоны жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Сондай-ақ Олимпиада туы түсіріліп, келесі қысқы ойындардың иелеріне табысталды. 2030 жылғы қысқы Олимпиада Француз Альпісінде өтеді.

6–22 ақпан аралығында өткен дүбірлі додада Норвегия құрамасы медаль кестесінде топ жарды. Скандинавиялық ел спортшылары 18 алтын, 12 күміс және 11 қола жүлде иеленіп, қысқы Олимпиада тарихындағы бір ойындардағы алтын саны мен жалпы медаль саны бойынша рекорд жаңартты.

Жарысқа 13 ресейлік спортшы қатысты. Олардың еншісінде бір күміс медаль бар. Бұл жүлдені шаңғы-альпинизм спортшысы Никита Филиппов спринт сайысында жеңіп алды.

Бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік және беларусьтік спортшылар жабылу рәсіміндегі жалпы олимпиялық шеру құрамында жүріп өтті.

Фото: Getty Images