Мәзір
Олимпиада

Милан-2026: Шаңғышы қыздар ТОП-60 спортшының қатарына да кіре алмады

Сабина Асқарқызы 60 қаралым
Милан-2026: Шаңғышы қыздар ТОП-60 спортшының қатарына да кіре алмады

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиадада әйелдер арасында 10 шақырымға еркін стильдегі жекелей сайыс аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстан құрамасы сапынан Надежда Степашкина, Анна Мельник, Ксения Шалыгина және Дарья Ряжко жарыс жолына шықты. Нәтижесінде Надежда Степашкина 63-орын (26:42.6), Ксения Шалыгина 71-орын (27:19.9), Дарья Ряжко 75-орын (27:42.6), ал Анна Мельник 81-орын (28:28.7) көрсетті.

Алтын медальді швециялық Фрида Карлссон жеңіп алды (22:49.2). Ол бұған дейін скиатлонда да чемпион атанған. Күміс жүлде Эбба Андерссонға (23:35.8) бұйырса, қола медальді америкалық Джессика Диггинс (23:38.9) иеленді.

 

 

Фото: Сали Сабиров

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар