Италиядағы 2026 жылғы қысқы Олимпиадада Қазақстан ерлер құрамасы 10 шақырымдық жеке уақыт бойынша шаңғы жарысына қатысты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан атынан Наиль Башмаков, Әмірғали Мұратбеков және Виталий Пухкало сынға түсті. Нәтижелер:
Әмірғали Мұратбеков – 22:38.2, 43-орын
Виталий Пухкало – 23:25.9, 57-орын
Наиль Башмаков – 24:27.8, 74-орын
Алтын медальді норвегиялық Йоханнес Клебо жеңіп алды (20:36.2), күміс – француз Матис Деложға (20:41.1), қола – норвегиялық Эйнар Хедегартқа бұйырды (20:52.2).
Фото: ҰОК