Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиадада фристайл-могулдан әйелдер арасындағы финалдық кезең аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан құрамасы сапында Анастасия Городко 72,15 ұпай, Юлия Галышева 72,34 ұпай, ал Аяулым Әміренова 68,47 ұпай жинады.
Ереже бойынша, алғашқы финалдық кезеңнен кейін үздік сегіз спортшы ғана шешуші сында Олимпиада медальдары үшін күреседі. Нәтижесінде қазақстандық үш спортшы да жекелей сындағы жарыс жолын аяқтады.
Айта кетейік, бүгін Павел Колмаков ерлер арасындағы фристайл-могулдан финалда бақ сынайды.
Фото: Тұрар Қазанғапов