Италияның Милан қаласында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиадада әйелдер арасында 5000 метр қашықтыққа конькимен жүгіруден жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл қашықтықта Қазақстан атынан 24 жылдан кейін алғаш рет Надежда Морозова бақ сынады.
Бұған дейін қысқы Олимпиадада әйелдер арасында 5000 метрге тек Людмила Прокашева қатысқан. Ол 1994, 1998 және 2002 жылдары жарыс жолына шығып, 1998 жылы осы қашықтықта қола медаль жеңіп алған еді.
Милан Олимпиадасында алтын медальді италиялық Франческа Лоллобриджида (6:46.17) иеленді. Екінші орынға нидерландтық Мерел Конейн (6:46.27) тұрақтаса, үшінші орынды норвегиялық Райне Виклунд (6:46.34) алды. Надежда Морозова 7:04.81 нәтижесімен жарысты аяқтады.
Айта кетейік, 14 ақпанда әйелдер арасында командалық сайыс өтеді. Сондай-ақ қазақстандық Евгений Кошкин 500 метр қашықтықта жүлдеге таласады.
Фото: Сали Сабиров