457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Милан-2026: Конькимен жүгіруден екі қазақстандық алғашқы ондыққа енді

Бүгін бұл бағдарламада барлығы 10 жұп жарыс жолына шықты

Италияның Милан қаласында конькимен 3000 метрге жүгіруден әйелдер арасында XXV қысқы Олимпиаданың жүлдегерлері белгілі болды.

Тәжірибелі отандасымыз Надежда Морозова осы сында 4:01.20 секунд нәтижесімен 6-орын алды. Тағы бір Ұлттық құрама спортшысы Елизавета Голубева қашықтықты 4:03.30 секундта еңсеріп, 10-сатыдан көрінді. Ол 5-жұпта Сандрин Ташпен (Бельгия) бірге жүгірді.

Әйелдер, 3000 м. Жүлдегерлер:

1. Франческа Лоллобриджида (Италия) Олимпиада рекордын тіркеді 3:54.28 секунд

2. Рагне Вилклунд (Норвегия)

3. Валери Мальтиас (Канада)

Бүгін бұл бағдарламада барлығы 10 жұп жарыс жолына шықты. Ертең кешкі сағат 20:00-де ерлер 5000 метрге жарысып, кім мықтыны анықтайды.

Фото: Сали Сабиров/ҰОК