457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Милан-2026: фристайл-акробатикадан 4 отандасымыздың іріктеудегі нәтижесі белгілі болды

Бүгін Милан-Кортина Олимпиадасында фристайл-акробатикадан ерлер арасындағы іріктеу кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыс жолына Қазақстан командасы сапынан Дінмұхаммед Райымқұл, Роман Иванов, Шерзод Хаширбаев және Асан Асылхан шықты.

Назарыңызға олардың іріктеудегі жоғарғы ұпайы мен нәтижесін ұсынамыз:

Роман Иванов 105.75 балл (13-орын)

Шерзод Хаширбаев 98.67 балл (16-орын)

Асылхан Асан 93.21. балл (18-орын)

Дінмұхаммед Райымқұл 90.50 балл (19-орын)

Барлығы іріктеуге 25 спортшы қатысты.

Айта кетейік, финалға алғашқы іріктеуде үздік 6, екінші кезеңде көп ұпай жинаған тағы 6 фристайл шебері жолдама алды. Алғашқы финал бүгін Астана уақытымен сағат 17:30-де басталады.

Енді ертең аралас командалық сайыста (микст) Қазақстан командасы сынға түседі. Әр құрама сапында 2 ер, 1 әйел фристайл шебері болады.

 

 

Фото: Тұрар Қазанғапов.