457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Милан-2026: Елизавета Голубева үздік жетілікке енді

Қазақстан құрамасынан Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Арина Ильященко бақ сынады.

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиадада конькимен жүгіруден әйелдер арасында 1500 метр қашықтықта жарыс өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Аталған бағдарламада Қазақстан құрамасынан Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Арина Ильященко бақ сынады.

Қазақстандық спортшылардың арасында ең үздік нәтижені Елизавета Голубева көрсетті. Ол 1:54.86 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, жетінші орын алды. Надежда Морозова 1:54.86 нәтижесімен 12-орынға тұрақтаса, Арина Ильященко 1:58.43 уақыт көрсеткішімен 24-орында жарысты аяқтады.

Нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонг 1:54.09 нәтижесімен Олимпиада чемпионы атанды. Күміс медальді норвегиялық Рагне Виклунд (1:54.15) иеленсе, қола жүлде канадалық Валери Мальтеге (1:54.40) бұйырды.

 

 

Фото: Сали Сабиров