457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Мен барымды салдым!». Абзал Әжіғалиев 500 метрде көш бастады

Бір жарым күннен кейін қайта жарысамыз

Қазақстандық шорт-трек шебері Абзал Әжіғалиев Миланда өтіп жатқан Олимпиада-2026 ойындарында 500 метр қашықтықтағы іріктеу кезеңінен кейін пікір білдірді.

Спортшының айтуынша, дәл осы қашықтықта бірнеше қарсылас шешуші сәтте өрескел қателікке бой алдырған.

«Бұл қашықтықта кейбір спортшылар қателесіп қалды, дөрекі, ауыр қателіктер жіберді. Өздеріңіз көрдіңіздер, мәреге жақындағанда сүрініп, құлады. Ал мен өз кезегімде келесі раундқа өттім. Бір жарым күннен кейін қайта жарысамыз. Қазақ жанкүйерлерін бізді қолдауға шақырамын. Бізге жанкүйер болыңыздар», – деді Әжіғалиев.

Бүгін Абзал Әжіғалиев 500 метр қашықтықтағы өз жүгірісінде бірінші орын алып, ширек финалға шықты. Жарыс барысында оның екі қарсыласы – Италия және Латвия спортшылары құлап, нәтижеге әсер еткен.

Абзалдың сөзінше, ол алдын ала нақты тактика ұстап, қарсыластардың қателесу мүмкіндігін ескерген.

Төртінші Олимпиадасына қатысып жатқан спортшы әр қарсыластың мүмкіндігін алдын ала есептеп шығатынын айтты.

«Біз Кубоктарда бірге жүгіреміз, бір-бірімізді жақсы танимыз. Кімнің қандай күшті және әлсіз тұсы барын білеміз. Әр жүгіріске тактикалық жоспар құрылады», – деді ол.

Шорт-тректен 500 метр қашықтықтағы ширек финал
18 ақпаннан 19 ақпанға қараған түні өтеді.

Фото: Сали Сабиров (ҰОК)