457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Лос-Анджелес-2028 Олимпиадасына іріктеудің алғашқы жүйелері бекітілді

Лозанна (Швейцария) қаласында өткен отырыста 26 спорт түрі мен дисциплина бойынша іріктеу ережелері таныстырылып, мақұлданды.

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) Атқарушы комитеті АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарына арналған алғашқы іріктеу жүйелерін бекітті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Швейцарияның Лозанна қаласында өткен отырыста 26 спорт түрі мен дисциплина бойынша іріктеу ережелері таныстырылып, мақұлданды. Олардың қатарында бадминтон, баскетбол, 3х3 баскетбол, BMX, велоспорттың бірнеше бағыты (шоссе, трек, маунтинбайк), байдарка мен каноэде есу, ат спорты (конкур, ат үйрету, үшсайыс), семсерлесу, гандбол, көгалдағы хоккей, дзюдо, қазіргі бессайыс, жүзу, ашық суда жүзу, регби-7, желкенді спорт, оқ және стенд атудан ату, таэквондо, волейбол және жағажай волейболы бар.

Қалған спорт түрлері бойынша іріктеу жүйелері 2026 жылдың басында ХОК Атқарушы комитетінің қарауына ұсынылады деп жоспарланып отыр.

Көпшілік спорт түрлерінде Лос-Анджелес–2028 Олимпиадасына іріктеу бұрынғы Олимпиада ойындарында сәтті қолданылған, тексерілген модельдерге негізделеді. Дегенмен барлық ережелер ХОК тарапынан міндетті түрде соңғы бекітуден өтеді.

Айта кету керек, Олимпиада-2028 іріктеу жүйесі спортшыларға кемінде екі түрлі жолмен жолдама жеңіп алу мүмкіндігін қарастырады.

Фото: ҰОК