Латвияда Олимпиада кезінде ресейлік спортшылар өнер көрсеткен сәтте жарнама көрсетіледі
Латвиядағы TV3 Group медиахолдингі Олимпиада ойындары барысында бейтарап мәртебеде қатысатын ресейлік және белоруссиялық спортшылардың өнерін көрсетпей, оның орнына жарнама беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы латвиялық LETA агенттігіне TV3 Group-тың спорттық бағдарламалар жөніндегі директоры Томс Цирценис мәлімдеді.
Цирценистің айтуынша, медиатоп осыған дейін де осындай тәжірибені қолданған. Атап айтқанда, TV3 Group құрамындағы TV6 арнасы шана спортынан өткен Еуропа чемпионаты кезінде ресейлік спортшылардың өнері кезінде жарнама көрсеткен. Бастапқыда бұл жарыстарды мүлде көрсетпеу мәселесі де қарастырылған, алайда бұл шешім латвиялық спортшылардың мүддесіне кері әсер етуі мүмкін болған.
TV3 Group алдағы уақытта да, яғни Италияда өтетін Олимпиада ойындары кезінде, дәл осы редакциялық ұстанымды сақтауды жоспарлап отыр.
Бұған дейін Латвия Олимпиада комитеті (LOK) өз спортшыларына Олимпиада барысында ресейлік және белоруссиялық атлеттерден алшақ болуды, мүмкіндігінше ортақ фотосуретке түспеуді және бірлескен сұхбаттарға қатыспауды ұсынған еді.
Фото: Getty Images
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған