Канадада оқушыларға Олимпиададағы хоккейді көру үшін сабақтан қалуға рұқсат берілді
Канаданың Онтарио провинциясында мектеп оқушылары Олимпиададағы хоккей матчтарын көру үшін сабақтан босатылатын болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы әлеуметтік желіде Онтарионың білім министрі Пол Каландра мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, Италияда өтіп жатқан Олимпиада турнирінде Канада құрамасының әйелдер және ерлер командаларының ойындары оқу уақытымен сәйкес келсе, оқушыларға матчтарды көруге мүмкіндік беріледі.
«Олимпиада ойындары мен Канада құрамасы үшін маңызды кезеңді ескере отырып, барлық мектеп кеңестеріне оқу уақытында әйелдер және ерлер хоккей матчтарын көруге рұқсат беруді тапсырдым», - деп жазды Каландра.
Министрдің сөзінше, мұндай спорттық оқиғалар халықты біріктіріп, елдің үздік спортшыларын қолдауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Канада әйелдер құрамасы 19 ақпанда Олимпиада финалында АҚШ-пен кездеседі. Ал ерлер ұлттық командасы 20 ақпанда жартылай финалда Финляндияға қарсы ойнайды. Олимпиада турнирінің финалы 22 ақпанда өтеді.
Фото: Getty Images
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған