Норвегиялық шаңғышы Йоханнес Клебо қысқы Олимпиада тарихында тоғыз дүркін чемпион атанып, рекорд жаңартты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ол 2026 жылғы Олимпиадада скиатлон, спринт және жекелей стартта жеңіске жетті. Бұған дейін де 2018 және 2022 жылдардағы қысқы ойындарда алтын жүлделер еншілеген.
Сондай-ақ 2022 жылы эстафетада күміс, 15 шақырым классикалық әдісте қола медаль алған. Әлем чемпионаттарында 2017 жылдан бері 15 мәрте алтын иеленіп, екі рет күміс, бір рет қола жүлдеге қол жеткізді.
Осы нәтижелері арқылы Клебо алтын медаль саны бойынша отандастары – Марит Бьорген және Уле Эйнар Бьорндаленді басып озды.
Фото: Olympics.com