457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Илья Мизерных Олимпиада ойындарында сегізінші орынға тұрақтады

Нәтижесінде Илья Мизерных 281,6 ұпай жинады.

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары  аясында шаңғымен биік тұғырдан секіру жарысы аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz

Ақтық бәсекеде ел намысын Илья Мизерных пен Данил Васильев қорғады.

Нәтижесінде Илья Мизерных 281,6 ұпай жинап, 8-орынмен жарысты аяқтады. Ал Данил Васильев 235,9 ұпаймен 27-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Мизерных тәуелсіз Қазақстан тарихында Олимпиада ойындарында ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Домен Превц (Словения) Олимпиада чемпионы атанды - 301,8 ұпай. Жапониялық Рэн Никайдо (295,0 ұпай) күміс жүлдегер атанса, Польша өкілі Кацпер Томащак үздік үштікті түйіндеді - 291,2.

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК баспасөз қызметі