Геннадий Головкин Ресейдің спорт министрімен кездесті
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті және World Boxing халықаралық федерациясының басшысы Геннадий Головкин мен Ресей Федерациясының спорт министрі, Ресей Олимпиадалық комитетінің төрағасы Михаил Дегтяревпен кездесті.
Кездесуге сондай-ақ Ресей Олимпиадалық комитеті мен Ресей Федерациясы Спорт министрлігінің өкілдері қатысты.
ҚР ҰОК мәліметінше, тараптар қазіргі халықаралық спорт күн тәртібіне қатысты бірқатар мәселені және Ұлттық Олимпиадалық комитеттердің халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылын талқылады. Әңгіме барысында жүзіге асыру тетіктері, халықаралық бастамаларға қатысу тәжірибесі, сондай-ақ, олимпиадалық қозғалыстың тұрақты дамуы үшін спорт ұйымдары арасындағы тікелей диалогтың маңызы сөз болды.
Жастар спортына ерекше назар аударылып, басқару және ұйымдастыруда тәжірибе алмасу мәселелері, соның ішінде қолданыстағы регламенттер аясында халықаралық спорт ұйымдарының институционалдық қызметі талқыланды.
Ресей делегациясы қазақстандық тарапқа Ресей Олимпиадалық комитеті Спортшылар комиссиясының кеңейтілген отырысына және 2026 жылы өтетін жас олимпиадашылардың IV халықаралық форумына (YOIF 2026) қатысуға шақыру жолдады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар тұрақты жұмыс диалогын жалғастыруға және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін растады.
Фото: ҰОК
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған