457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Геннадий Головкин Италия ҰОК президенті Лучано Буонфильомен кездесті

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Италия ҰОК басшысы Лучано Буонфильомен ресми кездесу өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz

Кездесу барысында тараптар спорт саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылап, соның ішінде Италияда өтетін Милан–Кортина 2026 XXV қысқы Олимпиада ойындарына дайындық мәселелері жайлы пікір алмасты. Сондай-ақ олимпиадалық қозғалысты әрі қарай дамыту, спорт менеджменті мен тәжірибе алмасу бағытындағы өзекті мәселелер сөз болды.

Екі елдің олимпиадалық комитеттері арасында спорттық ынтымақтастықты кеңейтуге мол мүмкіндік бар екені атап өтілді. Кездесу аясында Лучано Буонфильо Геннадий Головкинге Olympic House ғимаратын таныстырып, Италия ҰОК жүзеге асырып жатқан негізгі жобалар мен бастамаларды көрсетті.

Кездесу соңында Италия ҰОК президенті Геннадий Головкинді World Boxing ұйымының президенті болып сайлануымен құттықтап, жаңа қызметінде табыс тіледі. Өз кезегінде Геннадий Головкин италиялық әріптесіне алғыс білдіріп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту маңызды екенін атап өтті.

 

 

Фото: ҰОК