Геннадий Головкин «Динамо» қоғамының 100 жылдық мерейтойына қатысты
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысып, мерекелік іс-шараларды тамашалады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Мерейтой Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті. Атап айтқанда, «Динамо» чемпиондар лигасы турнирі ұйымдастырылып, Қазақстан құрамасы мен Халықаралық үйлестіру кеңесінің командасы бірнеше спорт түрі бойынша сынға түсті. Сонымен қатар қоғамның жүз жылдығына орай арнайы концерт қойылды.
Тәуелсіздік жылдары динамовшылар жалпы 65 Олимпиада медалін жеңіп алған. Олардың қатарында Геннадий Головкин, Елдос Сметов, Ольга Шишигина, Дмитрий Баландин, Данияр Елеусінов, Юлия Галышева, Денис Тен, Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибраимов, Александр Винокуров, Бахтияр Артаев, Асхат Жіткеев және тағы басқа спортшылар бар.
Сонымен қатар, қоғам жылдар бойы дене шынықтыру мен спортты дамытуға, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеуге және қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күшейтуге ерекше көңіл бөлуде.
Фото: ҰОК
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған