Мәзір
Олимпиада

Фристайлшы Аяна Жолдас Олимпиаданың іріктеу кезеңінде сынға түсті

Сабина Асқарқызы 112 қаралым
Фристайлшы Аяна Жолдас Олимпиаданың іріктеу кезеңінде сынға түсті

Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуді бастады, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Ұлттық құрама сапынан алғаш болып Аяна Жолдас жарыс жолына шықты. Ол жекелей сайыстың іріктеу кезеңінде бақ сынады.

Нәтижесінде отандасымыз бірінші іріктеуде 61.11 ұпай жинаса, ал екінші іріктеуде 57.10 ұпай еншіледі. Осылайша қос кезеңде де 17-орынға тұрақтады. Ал жалпы есепте 21-орынға ие болды.

Айта кетейік, финалға әр кезеңде үздік алтылыққа енген спортшылар жолдама алды.

Сурет: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар