457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Францияда Олимпиада қатысушыларының жүгін тексеруге рұқсат берілді

Допингке қарсы күресті күшейту мақсатында спорттық делегация мүшелерінің жүгін тексеруге рұқсат беру қарастырылып отыр.

Францияда қысқы Олимпиада-2030 ойындарын ұйымдастыруға қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды malimsports.kz

Құжатта допингке қарсы күресті күшейту мақсатында спорттық делегация мүшелерінің жүгін тексеруге рұқсат беру қарастырылған. 

Франция парламентінің ресми сайтында жарияланған заң жобасының мәтініне сәйкес, бұл бастама қолданыстағы заңдарға бірқатар өзгеріс енгізуді көздейді. Атап айтқанда, спорт кодексіндегі L.232-18-4-бапқа толықтырулар енгізу ұсынылған. Бұл бапта антидопингтік агенттік қызметкерлерінің өкілеттігі көрсетілген.

Жаңа түзетуге сай, антидопинг мамандарына жүктің сырттай көзбен шолып тексеруіне, ал иесінің келісімі болған жағдайда толық әрі мұқият тексеру жүргізуіне мүмкіндік беріледі.

Францияның Антидопинг агенттігі бұл шешімді әлемдік тәжірибеде бұрын-соңды болмаған қадам деп бағалап отыр. AFP агенттігінің мәліметінше, осы уақытқа дейін тергеушілер тек спорт нысандарын немесе судьяның рұқсатымен тұрғын үй-жайларды тінте алатын, алайда жолаушылардың жүгін қарауға құқықтары болмаған.

Аталған шара тек ресми түрде басталған тергеу аясында ғана қолданылмақ. Жүк тексеру әуежайларда, теміржол вокзалдарында және жалпыға ортақ жолдарда жүргізілуі мүмкін.

Айта кетейік, Қысқы Олимпиада–2030 Францияның екі өңірінде өтеді. Олар Овернь-Рона-Альпы және Прованс-Альпы-Лазур жағалауы аймақтары.

Фото: Ашық дереккөзден