457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Ешкімнің жетегінде кетпе!». Бақыт Сәрсекбаев Михаил Шайдоровқа ескерту жасады

Сәрсекбаев соңғы жылдары қазақ спортының дамып, серпіліс алғанын атап өтті.

Бокстан Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев қысқы Олимпиада ойындарында топ жарған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа арнайы құттықтау жолдап, әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады.

Спорт ардагері жас спортшының жетістігін жоғары бағалап, өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

«Жарадың, Миша! Олимпиада чемпионы болудың оңай емес екенін дәлелдедің. Қиын да ауыр жолдан өтпей, алтын келмейді. Сен жүрген жолдан мен де өттім. Талай рет көкірегімнен итеріп, аяғымнан шалғандар болды. Бірақ сынбай, арманыма жеттім», – деп жазды ол.

Сәрсекбаев соңғы жылдары қазақ спортының дамып, серпіліс алғанын атап өтті.

«Аллаға мың шүкір, заман өзгеріп, басшылар ауысып, спорттың көзі ашылды. Қазақ спорты еңсесін көтеріп келеді. Әлі жассың, алда алар асуың көп. Келесі Олимпиаданың алтынын да сыйларсың», – деді чемпион.

Сонымен қатар ол Михаилге сабыр сақтап, даңқ пен сынға дайын болуға кеңес берді.

«Бұл күн сенің екінші туған күнің. Бірақ ол ұзаққа созылмайды. Қазір көкке көтерген халық, сәл шалыссаң, жүндей түтеді. Бәлеқорларға ерме, ешкімнің жетегінде кетпе! Халықтың қуанышын бұзғысы келетіндерден аулақ бол!», – деп ескертті Бақыт Сәрсекбаев.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров соңғы халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстан спортындағы ең үмітті мәнерлеп сырғанаушылардың бірі ретінде танылып отыр.

Фото: instagram.com/b.sarsekbayev