457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ербол Хамитов Паралимпиаданы жетінші орынмен аяқтады

28 жастағы қазақстандық спортшы аталған бәсекеде елімізден қатысқан жалғыз атлет болды.

2026 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындары аясында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов соңғы жарыс күнінде өнер көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz

Милан мен Кортина қалаларында өтіп жатқан дүбірлі додада ол шаңғы жарысының 20 шақырымдық қашықтығында (отырып жарысу, интервалдық старт) сынға түсті.

28 жастағы қазақстандық спортшы аталған бәсекеде елімізден қатысқан жалғыз атлет болды. Нәтижесінде Ербол Хамитов мәре сызығын жетінші болып кесіп өтті. Ол екі дүркін паралимпиада чемпионы атанған ресейлік Иван Голубковтен 1 минут 59,2 секундқа қалып қойды.

Күміс медальді қытайлық Мао Чжунъу (+54,6) жеңіп алса, қола жүлде италиялық Джузеппе Ромелеге (+1:22,1) бұйырды.

Айта кетейік, Ербол Хамитов бұл Паралимпиада ойындарын бір алтын және бір қола медальмен аяқтады. Осылайша ол Қазақстан тарихында қысқы Паралимпиадада бірден екі жүлде алған алғашқы спортшы атанды.

Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты бүгін кешке өтеді.

Фото: Мейіржан Амангелдиев