457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ербол Хамитов Паралимпиадада қанша сыйақы алады?

Бұл шамамен 159,1 миллион теңге.

Қазақстандық пара спортшы Ербол Хамитов Италияда өткен 2026 жылғы Паралимпиадада ел қоржынына екі медаль салды.

Отандасымыз пара биатлоннан қуу жарысында алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар 10 наурыз күні пара шаңғы спринтінде қола жүлдегер атанған болатын.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, Паралимпиада жүлдегерлеріне Олимпиада спортшыларымен бірдей көлемде сыйақы төленеді. Атап айтқанда, алтын медаль үшін 250 мың доллар, күміс үшін 150 мың доллар, ал қола үшін 75 мың доллар беріледі.

Осылайша, Ербол Хамитов екі жүлдесі үшін мемлекеттен жалпы 325 мың доллар сыйақы алады. Бұл шамамен 159,1 миллион теңге.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы атынан 2026 жылғы Паралимпиадаға жеті спортшы қатысты. Олардың қатарында Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Юрий Березин, Владислав Кобаль, Сергей Усольцев, Анна Грачева және Нұрлан Әлімов бар.

Ербол Хамитов кім?

Ербол Хамитов бала кезінен спортпен айналысқан. 19 жасында аяғынан айырылса да, спортты тастаған жоқ.

2017 жылы ол грэпплингтен Қазақстан кубогының жүлдегері атанды. Кейін қысқы спорт түрлерінде жоғары нәтижелерге қол жеткізді. 2023 жылы пара шаңғы жарысынан әлем чемпионы атанса, 2025 жылы пара биатлоннан әлем чемпионатында топ жарған алғашқы қазақстандық болды.

Фото: Мейіржан Амангелдиев