457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Денис Никиша ширек финалға өтті

Денис Никиша 3-топта сынға түсіп, мәреге үшінші жетті

Италияның Милан қаласында XXV қысқы Олимпиада ойындарының шорт-тректен бәсеке жалғасып жатыр.
«Сан-Сиро» стадионындағы салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің мемлекеттік туын ұстап шыққан Денис Никиша 3-топта сынға түсіп, мәреге үшінші болып жетті (40.818 секунд). Әлем чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы Денис Никиша уақыт көрсеткіші бойынша ширек финалға шықты. 

Санаулы сəттер бұрын тағы бір отандасымыз  Абзал Әжғалиев өз тобында 1-орын келесі кезеңге өткен.

Енді ширек финалдан бастап ақтық сын бәсекесі 18-інен 19 ақпанға ауған түні өтеді. Айта кетейік, Әжғалиев пен Никиша үшін бұл карьерасындағы төртінші Олимпиада.