Денис Никиша Олимпиада жүлдесіне қол жеткізе алмады
Шорт-тректен Қазақстан құрамасының өкілі Денис Никиша Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының жартылай финалына жолдама алғанымен, жүлдеге қол жеткізе алмады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Отандасымыз 500 метр қашықтықта ел намысын қорғауда. Ширек финалда Никиша мәреге үшінші болып жетті. Дегенмен уақыт көрсеткіші бойынша жартылай финалға өткен еді.
Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Денис Никиша Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының B финалында өнер көрсетіп, 500 метр қашықтықта 6-10-орындар үшін сынға түсті.
Өзі үшін шешуші болған жарыста Никиша екінші нәтиже көрсетті. Нәтижесінде ол жетінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, осы бағдарламада Абзал Әжіғалиев ширек финалға дейін жетті.
Бірінші орынды канадалық Стивен Дюбуа иеленді. Мелле ван’т Ваут (Нидерланд) мәреге жетті. Йенс ван’т Ваут (Нидерланд) жеңіп алды.
Фото: Сали Сабиров/ҰОК баспасөз қызметі.
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған