Мәзір
Олимпиада

Бүгін Софья Самоделкина жарыс жолына шығады

Сабина Асқарқызы 92 қаралым
Бүгін Софья Самоделкина жарыс жолына шығады

Бүгін 10 қазақстандық спортшы бес спорт түрінен жарыс жолына шығады.

Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:

14:00 – шаңғы қоссайысы, биік тұғыр

Қатысушы: Шыңғыс Рақпаров

14:45 – фристайл-акробатика, іріктеу (әйелдер)

Қатысушы: Аяна Жолдас

17:30 – фристайл-акробатика, іріктеу (ерлер)

Қатысушылар: Асан Асылхан, Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Райымқұлов, Роман Иванов

17:45 – шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы

Қатысушы: Шыңғыс Рақпаров

18:52 – конькимен жүгіру, командалық із кесу (әйелдер, жартылай финалдар, финал)

Қатысушы: Қазақстан құрамасы

22:45 – мәнерлеп сырғанау, қысқа бағдарлама (әйелдер)

Қатысушы: Софья Самоделкина

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Абзал Әжіғалиев және Денис Никиша шорт-тректен ерлер арасында 500 метрге жүгіруден ширек финалға жолдама алды.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар