Биатлоннан Еуропа чемпионаты: жекелей жарысқа Қазақстан атынан кімдер қатысады
28 қаңтарда Норвегияның Шушен қаласында биатлоннан Еуропа чемпионаты басталады. Ашық форматта өтетін додаға Қазақстан құрамасы да қатысады.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, жарыстың алғашқы күні ерлер мен әйелдер арасында жекелей сайыс өтеді. Ерлер арасындағы жарыста Қазақстан намысын Кирилл Бауэр, Никита Акимов, Александр Мухин, Вадим Куралес, Иван Дарьин және Егор Гребенщиков қорғайды. Жарыс Астана уақытымен сағат 14:20-да басталады.
Ал әйелдер арасындағы жекелей сайыс 18:30-да өтеді. Бұл бәсекеде Кристина Титиевская, Арина Крюкова және Мария Польдяева өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Еуропа чемпионатындағы нәтижелер IBU кубогының жалпы есебіне есептеледі. Турнир 1 ақпанға дейін жалғасады.
Фото: ҰОК
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған