Мәзір
Олимпиада

Бақтиер Зайнутдинов қараша айындағы ұлттық құраманың ойындарына қатыспайды

Сабина Асқарқызы 150 қаралым
Бақтиер Зайнутдинов қараша айындағы ұлттық құраманың ойындарына қатыспайды

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов қараша айындағы халықаралық матчтарға қатыспайтын болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Футболшы Солтүстік Македониямен өткен ойында алған сары қағазына және қазіргі таңда клубында ем-дом алып жатқан жарақатына байланысты ұлттық құраманың сапына қосылмайды. Осыған байланысты ол Бельгияға қарсы Еуро-2026 іріктеу кезеңінің ойынына және Фарер аралдарымен өтетін жолдастық кездесуге қатыса алмайды.

Айта кетейік, бұған дейін де Зайнутдинов қыркүйек айындағы екі ресми кездесуге жарақатына байланысты қатыспаған болатын.

 

 

 

Фото: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар