Аустриялық трамплиннен секіруші Олимпиадада аяқ киіміне байланысты шеттетілді
Аустриялық спортшы Даниэль Чофениг Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында үлкен трамплиннен секіру жарысынан аяқ киім өлшемінің стандартқа сай келмеуіне байланысты дисквалификацияланды, деп жазады malimsports.kz.
Бұл туралы Le Figaro басылымы хабарлады. Спортшының арнайы аяқ киімі белгіленген нормадан төрт миллиметрге ұзын болған. Ереже бұзушылық Чофениг үлкен трамплин жарысының алғашқы кезеңінде сегізінші орын алып, финалға жолдама алғаннан кейін анықталған.
Чофениг өз кінәсін мойындап, жаттығу кезінде жаңа аяқ киімді пайдаланғанын, алайда оған толық көңілі толмағанын айтты. Соған қарамастан, ол сол аяқ киімді қалдырып, өлшемін қайта тексермеген.
«Бұл менің тарапымнан кеткен өте ақымақтық әрекет болды, бірақ ереженің аты ереже», - деді аустриялық спортшы.
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған