Астанада Халықаралық Олимпиада күніне орай жүзуден жарыс өтті
Астанада Халықаралық Олимпиада күніне орай балалар арасында жүзу және әртістік жүзуден жарыстар ұйымдастырылды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Спорттық іс-шараны Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті ЮНИСЕФ қолдауымен өткізді.
«Өзен» спорт кешенінде өткен жарысқа әртүрлі жастағы және дайындық деңгейіндегі балалар қатысты. Бағдарлама аясында қатысушылар бірнеше санат бойынша сынға түсіп, жеке және командалық жарыстарда бақ сынады.
Мерекелік күннің ерекше сәттерінің бірі Olympic Art Swim Fest фестивалі болды. Жас спортшылар Олимпиада ойындарының қатысушылары Александра Немич пен Екатерина Немичтің жетекшілігімен дайындалған әртістік жүзу бағдарламасын көрермен назарына ұсынды.
Сондай-ақ жарыстың қорытынды бөлімінде тәжірибелі жас жүзушілер 50 метрге еркін стильде жүзуден және эстафеталық сайыстарда өзара мықтыны анықтады.
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас директоры Нұрлан Нөгербектің айтуынша, мұндай іс-шаралар балаларды спортқа баулып қана қоймай, Олимпиада қозғалысының құндылықтарын насихаттауға мүмкіндік береді.
Жарыс соңында барлық қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.
Айта кетейік, Халықаралық Олимпиада күні жыл сайын 23 маусымда атап өтеді. Бұл күн 1894 жылы Халықаралық Олимпиада комитетінің құрылған күніне арналған.
Фото: ҰОК
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған