457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада сумо аңызы Хакухо Сёмен кездесу өтті

Хакухо Сё тарихтағы ең атақты сумо балуаны, 69-шы ёкодзуна. Оның қоржынында 45 чемпиондық атақ бар.

Олимпиадалық комитетінде әйгілі сумо балуаны Хакухо Сёмен кездесу өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Кездесуге қатысушылар мәдени-спорттық байланыстың маңызына тоқталды. Сондай-ақ тараптар дәстүрлі спорт түрлерімен қоса, сумоның елдер арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, халықаралық ынтымақтастықты әртүрлі деңгейде дамытатынын атап өтті.

Әңгіме барысында заманауи спорт қозғалысындағы сумоның рөлі сөз болды. Бұл спорт түрі қазірдің өзінде Дүниежүзілік ойындар халықаралық қауымдастығының (IWGA) бағдарламасына енгізілген және біртіндеп Олимпиада ойындарына қосылуға жақын екені айтылды.

Сондай-ақ сумоның әлемдік даму үрдісіне ерекше назар аударылды. Бүгінде бұл спорт түрімен шамамен 85 ұлттық федерация айналысады. Сонымен қатар әр елде жанкүйерлер саны артып келеді.

Кездесу соңында тараптар жұмыс барысындағы байланысты жалғастыруға және ынтымақтастықтың түрлі бағыттарын қарастыруға дайын екенін білдірді. Мұндай өзара іс-қимылдың нақты бастамалары спорт ұйымдарының жоспарлары мен күнтізбесіне сай айқындалмақ.

Айта кетейік, Хакухо Сё (шын есімі - Мунхбатын Даваажаргал) - тарихтағы ең атақты сумо балуаны, 69-шы ёкодзуна. Оның қоржынында 45 чемпиондық атақ бар. 2021 жылы спорттық мансабын аяқтады. Содан кейін ол Жапония азаматтығын алып, «Миягино-бэя» сумо мектебін басқаруды қолға алған. 

Фото: ҰОК баспасөз қызметі