457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

АҚШ хоккейшілері 46 жылдан соң Олимпиада алтынын иеленді 

Америкалықтар шешуші кездесуде Канада ұлттық хоккей құрамасы командасын овертаймда 2:1 есебімен тізе бүктірді

Италияда өткен Қысқы Олимпиада 2026 ойындарының финалында АҚШ құрамасы хоккейден алтын медаль жеңіп алды. Америкалықтар шешуші кездесуде Канада ұлттық хоккей құрамасы командасын овертаймда 2:1 есебімен тізе бүктірді, деп жазады malimsports.kz

Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. АҚШ сапынан 6-минутта Мэтт Болди есеп ашса, канадалықтар 39-минутта Кейл Макардың шайбасымен таразы басын теңестірді. Қосымша уақытта жеңіс голын Джек Хьюз соғып, өз командасына тарихи табыс сыйлады.

Осылайша, АҚШ құрамасы 1980 жылдан бері алғаш рет Олимпиада чемпионы атанып отыр. Бұған дейін америкалықтар алтынды 1960 және 1980 жылдары жеңіп алған еді.

Қола жүлде Финляндия ұлттық хоккей құрамасы еншісіне бұйырды. Финдер үшінші орын үшін өткен кездесуде Словакия ұлттық хоккей құрамасы командасын 6:1 есебімен ірі жеңіске жетті. Еске сала кетсек, 2022 жылы Бейжің Олимпиадасында финдер чемпион атанған болатын.

АҚШ пен Канада құрамалары Олимпиада финалында үшінші рет кездесті. Бұған дейін 2002 және 2010 жылдары канадалықтар жеңіске жеткен. Әсіресе, Ванкувер Олимпиадасы 2010 финалында Сидни Кросбидің овертаймдағы голы канадалықтарға алтын әперген еді. Биылғы финалда Кросби жарақатына байланысты алаңға шықпады.

Айта кетейік, Канада құрамасы хоккейден Олимпиада алтынын он рет жеңіп алған. Соңғы рет олар 2014 жылы топ жарған еді. 

Фото: Getty Images