Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиадада тау шаңғысынан супергигант бағдарламасы бойынша жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан атынан сынға түскен Александра Скороходова жарысты 25-орынмен аяқтады.
Жүлдегерлер:
Федерика Бриньоне (Италия) – 1:23.41
Романи Мирадоли (Франция) – 1:23.82
Корнелия Хюттер (Аустрия) – 1:23.93
Айта кетейік, жарыс барысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 17 спортшы мәреге жете алмады. Олардың қатарында 7 Олимпиада чемпионы мен 1 әлем чемпионы бар.
Фото: ҰОК