Мәзір
Олимпиада

Абзал Әжіғалиев өз тобында бірінші орын алды

Сабина Асқарқызы 90 қаралым
Абзал Әжіғалиев өз тобында бірінші орын алды

Милан қаласында XXV қысқы Олимпиаданың шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метрге іріктеу жарысы аяқталды. 

Мұнда әлем кубогы кезеңнің және Азия ойындарының чемпионы Абзал Әжғалиев пен әлем чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, осы Олимпиадада Мемлекеттік туды ұстап шыққан Денис Никиша сынға түсті. 

Абзал 2-топтағы жарыста мәреге бірінші болып келіп, ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, Әжғалиев пен Никиша үшін бұл карьерасындағы төртінші Олимпиада. 

Енді ширек финал 18-інен 19 ақпанға ауған түні өтеді.

Фото: Сали Сабиров

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар