2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасына отандық 18 спортшы шақырту алды
Қазақстан құрамасы 2026 жылы Сенегалдың Дакар қаласында өтетін жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында 11 спорт түрі бойынша сынға түседі, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазіргі таңда Олимпиадаға қатысушылар тізімінде Қазақстаннан 18 спортшы бар.
Спорт түрлері мен жолдамалар:
Таеквондо: 63 келіден жоғары, қыздар
Жағажай волейболы: команда, ұлдар (2 спортшы)
Тас жолдағы велоспорт: топтық және жекелей жарыс, ұлдар мен қыздар
Триатлон: жекелей спринт, ұлдар
Семсерлесу: қылыш, ұлдар
Брейкинг: қыздар
Бокс: 70 келіге дейін, ұлдар; 54 және 57 келіге дейін, қыздар
Дзюдо: 52 келіге дейін, қыздар
Жүзу: 100 метр еркін стиль, ұлдар; 50 метр арқамен, қыздар
Спорттық гимнастика: жекелей көпсайыс, ұлдар мен қыздар
Жеңіл атлетика: диск лақтыру, ұлдар; 400 метр кедергілер арқылы жүгіру, қыздар
Айта кетейік, жолдамалар әлі нақты спортшыларға бекітілмеген. Қазіргі уақытта ұлттық федерациялар ресми растау жүргізіп жатыр.
Жолдамаларды бөлу: 1-6 сәуір аралығында Халықаралық Олимпиадалық комитет пен халықаралық федерациялар арқылы жүзеге асырылады. Қалған жолдамалардың қайта бөлінуі 23 мамырға дейін жалғасады.
Дакарда өтетін бұл жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы тарихтағы төртінші рет, әрі алғаш рет Африка құрлығында ұйымдастырылады. Жарыс 31 қазан – 13 қараша аралығында өтеді, қатысушылардың жас шегі 17 жастан аспауы тиіс.
Фото: news.cn/sport
Ең көп оқылған