457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

2026 жылғы қысқы Олимпиадада Қазақстан туын кімдер ұстап шығатыны белгілі болды

2026 жылғы қысқы Олимпиадаға Қазақстан атынан 35 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр

2026 жылы Италияның Милан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын ұстап шығатын спортшылар анықталды.

Салтанатты рәсім 2026 жылдың 6 ақпанында Миландағы әйгілі «Сан-Сиро» стадионында өтеді. ҚР Туризм және спорт министрлігінің Қоғамдық кеңесі отырысында Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев бұл міндет шорт-трек спортшыларына сеніп тапсырылғанын мәлімдеді.

– Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-тректен халықаралық деңгейдегі еңбек сіңірген спорт шебері Денис Никиша және халықаралық деңгейдегі спорт шебері Яна Хан ұстап шығады, – деді Нұрлан Есембаев.

Айта кетейік, 30 жастағы Денис Никиша – шорт-тректен 500 метр қашықтықта өткен әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері (2024, 2025). Ал 25 жастағы Яна Хан 2025 жылы эстафета бойынша қысқы Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленген.

Сондай-ақ Нұрлан Есембаевтың айтуынша, 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға Қазақстан атынан 35 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Спортшылардың басым бөлігі Астана, Алматы қалаларынан, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарынан іріктелген.

Аймақтар бойынша қатысушылар саны:

Ақмола облысы – 9 спортшы

Астана қаласы – 8 спортшы

Шығыс Қазақстан облысы – 8 спортшы

Алматы қаласы – 7 спортшы

Қостанай облысы – 5 спортшы

Шымкент қаласы – 4 спортшы

Павлодар облысы – 3 спортшы

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Абай облыстары – 1 спортшыдан

Сонымен қатар, қысқы Олимпиадаға сапалы дайындықты қамтамасыз ету үшін 2025 жылы жалпы 13,2 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінгені айтылды. Оның ішінде:

республикалық бюджеттен – 5,3 млрд теңге,

жергілікті бюджеттен – 6,2 млрд теңге,

федерациялар есебінен – 585 млн теңге,

туризм және спорт индустриясын қолдау қорынан – 812,5 млн теңге қарастырылған.